Масылдық пен мұқтаждық екі түрлі ұғымдар

Oinet.kz 25-08-2023 383

Масылдық сана ғасырлар бойы қоғамның өсіп өркендеуін тежеп келе жатқан дерт. Жұмыс істемей-ақ елден көмек күтетіндер көбейіп кетті. Статистика коммитетінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде еліміздегі жұмыссыздар саны - 443,2 мың адамды, ал, жұмыссыздық деңгейі – 4, 8 пайызды құрайды.

Screenshot_17.jpg

Жалпы, масыл адамдар мен масылдық сана туралы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ дің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Айтай: "Масылдық - ежелден келе жатқан дерт. Масылдық санамен күрес өткен КСРО қоғамы тұсында қатты жүрді.  Оны өз көзімізбен көрдік. Ол «борьба с тунеядством» деп аталған. Олар қоғамға еш пайдасы жоқ зиянкестер, жатып-ішерлер, қаңғыбастар, ішкіштер т.б деп аталатын. Ішкі істер органдары және қоғам белсенділері оларды ұстап алып мәжбүрлі жұмысқа салатын. Кең тарағаны 15 тәулікке қоғамдық жұмысқа салатын. Бұл шара 1961 жылы 4 мамырда КСРО Жоғары кеңесінің Президумының осындай Қаулысынан кейін іске асқан. Бұл әсіресе, Ресейге қатысты болды. Себебі, оларда масылдар саны басқа өңірлерге қарағанда шектен шығып кеткен болатын. Тіпті, 1936 жылғы Кеңестік Конституцияның 12 бабында «Кто не работает, тот не ест» деген сөйлем де болған. Сталин «масылдарды» антисоветтік элементтер» ретінде тауып лагерге жаптырды. Лагерге тоғытылған миллиондаған адамның 15-20 пайызын осылар құрады. Себебі, оларға жалақы  төлеу, баспана беру және басқа да әлеуметтік көмек жасау кеңестік билікке ауыр тиді. Ең тиімдісі, коммунизм құру жолындағы өндіріс пен құрылысқа «қара күш» ретінде тегін пайдаланды. Оларға неше түрлі баптар ойлап табылып, соған сәйкес қылмыстық істерді үштік, бестік, екіліктің қаулысымен ақ сотсыз еңбек лагерлеріне жапқан. Кейін келе 60 жылдары мектептерде «еңбекке баулу» деген керемет сабақ енгізілді. Мектепте оқып жүріп оқушы тігінші, тракторшы, жүргізуші т.б кәсіби мамандықты алып шығатын. Оларды 8 сыныптан кейін училищелерге орналастырып, үш мезгіл тамақ пен стипендия беріп бірнеше кәсіпті үйреніп шығатын. Жұмысқа да орналастыратын..

«Масылдық» пен «әлеуметтік инфантилизм» бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Әлеуметтік инфантилизмді – масылдық, әлеуметтік жетімдік т.б деп айта беруге болар. Масылдық сана - өздерін қоғам мен үкіметтің барлық игіліктерінен, жақсылықтарынан, шапағатынан мақұрым қалғанбыз, бізге ешкім көңіл аудармайды деген «жетімдік пиғыл, сана». Мұны әркімнің ойынан, санасынан кездестіруге болады. Бірақ іскер, креативті, еңбекқор адамдар жылдам заман ағымының құбылыстарына, өзгерістеріне бейімделіп кетеді де өз-өзін басқарып жүреді. Ал бұларда оған қарсылық, наразылық пиғылыда үнемі бойлап тұрады.  Оларды мамандық беру, кәсіпке үйрету бағдарламалары жүзеге асып жатыр. Бірақ, қалтасында жоғары білім дипломы бола тұра жұмыс жасағысы келмей оңай жұмыс таксист, саудагер, алыпсатарлықпен уақытша айналасып жүргендер бар. Әке-шешесінің зейнетақысы мен балаларының жәрдемақасына асылып алғандарды да көріп жүрміз.

Бұлармен қалай күресу керек деген сауал туары анық. Мен АҚШ тың мысалында айтып көрейін. 2004 жылы бір ай іссапарда болдық. Әлеуметтік, білім беру жүйесінің қалай жұмыс істеп жатқанымен таныстық. Неліктен оларда жұмыссыздар дүрлікпейді? Революция болмайды деген ойда болдым. Қысқаша айтайын, себебін үкіметтік емес ұйымдар мен қайырымдылық ұйымдары өте белсенді жұмыс жасайды екен. ҮЕҰ мемлекеттік не патронаттарының арнайы грантын жеңіп алып әлеуметтік инфантилизммен жетімдік, т.б. қоғамға қауіпті адамдардармен жұмыс жасайды. Үйі жоқ болса арнайы приютері бар, күніне екі рет тамақ, айына бір рет киіндіру т.б көмек көрсетеді. Психологтары мен әлеуметтанушылары насихат жұмысын жүргізеді. Балалар үйі деген атымен жоқ. Қарттар үйі ақылы. Оны мемлекет төлейді немесе өзінің зейнетақысымен өз еркімен таңдап барып жатады. Көрдік. Әртүрлі деңгейдегі қарттар үйі. Барлық жағдайы жасалған.

Мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындары ашылған. Жалқауларға арналған уақытша жұмыстары да бар. Қолынан келген не үйренген, ұнататын кез келген жұмыспен айналыстырады. Масылдық пен мұқтаждық екеуі бір түсінік болып көрінгенмен, екеуі екі бөлек ұғым. Масылдарға отбасы тәрбиесі де көп әсер ете қоймайды. Оларға көбіне көпшілікті жылы қайырымды аурасы бар орта зор әсер етеді. Уақытша жұмыс істеуге бейім. Секталар мен діни конфессиялардың оларды өздеріне тез тартуы да сондықтан", - дейді.

Елімізде масылдық сана әлі де бар. Онымен жоғарыда айтқан әлемде бар тәжірибелерді қолдану арқылы күресуге болады. Бір мемлекеттің олармен шұғылдануы аз, толық қамтылмайды. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы қол созу керек. Ол үшін үкімет арнайы гранттар бөліп отырса жеткілікті.

Масылдық қоғамдағы дертке айналып барады
Балалар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болмауы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу