«Өздеріне деген елдің құрметін өстіп құртады»: Заңгер Ләззат Ахатова ақын Исраил Сапарбай туралы

Oinet.kz 28-10-2024 2232

Белгілі ақын Исраил Сапарбай соңғы сұхбатында жастарға төсек тақырыбында әңгіме қозғап, елдің қатаң сынына ұшыраған еді. Заңгер Ләззат Ахатова «немересімен қатар балаға» бейәдеп сұхбат берген ақынды сөгіп тастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_8.jpg

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Мына қыз байғұс әжептеуір ақын, үлкен адам деп шақырды-ау, мына кісіні... Ақындығына, талантына шүбәм жоқ, бірақ немересімен қатар балаға айтып отырған мына әңгімесі не, енді? Айтатын жері болмай ма, әр әңгіменің?.. Өздеріне деген елдің құрметін өстіп құртады да, артынан елге өкпелейді..», - деп жазды заңгер.

Ахметбек Нұрсила қазіргі имамдарға «сексолог» деген атақ қосып беру керек екенін айтты
«Министрлер кабинетінде сөздің бәтуасының болмауының себебі неде?»: Зайытов Үкіметке сын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу