Қазақстанның көлік хабы ретіндегі рөлі күшейеді

Oinet.kz 02-10-2025 390

image.png

«Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында.

Мемлекет басшысы сондай-ақ: «Қазақстан Еуразиядағы көлік хабы болуға тиіс. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет. Бұл жұмысқа осы салада табысқа жеткен үздік мамандар мен кәсіпкерлерді тарту қажет. Бірақ негізгі жауапкершілік – Үкіметте», – деді.

Аталған бағыттарды іске асыру мақсатында Шымкент қаласында цифрлық құралдар мен автоматтандырылған жүйелер енгізілуде.

Сонымен қатар, Гонконгтағы Belt and Road халықаралық саммиті аясында Гонконг әуежайы мен «Шымкент әуежайы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстанның көлік хабы ретіндегі рөлін күшейту – ұлттық экономиканың тұрақты дамуының негізгі тетігі. Қазіргі таңда елімізде халықаралық маңызы бар теміржол, автожол, әуе және теңіз бағыттары жүйелі түрде дамып келеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі, Транскаспий халықаралық көлік бағыты, сондай-ақ Түркі мемлекеттерін байланыстыратын логистикалық жобалар еліміздің транзиттік әлеуетін еселеп арттыруда.

Көлік инфрақұрылымын жетілдіру тек экономикалық пайда ғана емес, саяси және мәдени байланыстарды нығайтуға да ықпал етеді. Қазақстан арқылы өтетін жүк және жолаушы тасымалы Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен ынтымақтастықтың кепілі болып отыр. Сонымен қатар, көлік жүйесін цифрландыру, «жасыл логистика» қағидатын енгізу және кедендік рәсімдерді жеңілдету еліміздің халықаралық беделін арттырып, шетелдік инвесторларға тартымды жағдай жасайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстанның транзиттік әлеуетін барынша пайдалану – елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің басты шарты. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің экономикалық тәуелсіздігін нығайтып қана қоймай, өңірлік интеграцияның да қозғаушы күшіне айналмақ.

Около 50 тысяч сельчан получили медпомощь от врачей поезда «Саламатты Қазақстан»
Қазақстан демократияны дамыту мен журналистерді қорғауды қолдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу