Әскерде жүргендерге кредит берілмейді: жаңа қаулы жобасы

Oinet.kz 19-01-2026 49

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы деректермен алмасу қағидаларын бекітуге арналған қаулы жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды. Бұл бастама Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды реттеуді көздейді.

image.png

Құжатта көрсетілгендей, ақпарат алмасу тетігі әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтардың қарыз міндеттемелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке тұлғаның кредиттік есебінде тиісті мәртебені белгілеуге бағытталған. Осы арқылы әскери борышын өтеп жүрген азаматтардың қаржылық жағдайын қорғау көзделіп отыр.

Қаулы жобасына сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары шақыру жасындағы азаматтан кредит алу жөнінде өтінім түскен жағдайда оның кредиттік есебіндегі мәртебені міндетті түрде тексеруге тиіс. Егер кредиттік есепте азаматтың мерзімді әскери қызметті өткеруі  туралы ақпарат көрсетілсе, қаржы ұйымдары кредит беру туралы өтінімді қабылдамайды.

Әзірлеуші органның мәліметінше, бұл бастама «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген. Агенттік қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс салдарға алып келмейтінін атап өтті.

Легких денег не бывает: о «цене» ошибок рассказала осужденная
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу