Шавкат Рахмоновтың жұбайы куәгерден күдіктіге айналды

Oinet.kz 26-01-2026 47

Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың  жұбайына қатысты өліммен аяқталған жол апаты бойынша қылмыстық істің егжей-тегжейі белгілі бола бастады. ІІМ Гулайым Рахмонованың күдікті ретінде танылғанын мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу процесі жүруде. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Түпкілікті процессуалдық шешім тергеу амалдары толық аяқталғаннан кейін қабылданады.

Еске сала кетейік, қайғылы жол апаты 2025 жылдың шілде айында Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған еді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Гулайым Рахмонова ұлы және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бет алған. Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлік аударылып кеткен. Тергеу нұсқасына сәйкес, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Апат салдарынан 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмған, ал 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізу кезінде қайтыс болған. Гулайым Рахмонова мен оның ұлы Шу қаласындағы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.

429 мың теңгеден асқан. Министрлік Қазақстанда жалақы 10 пайызға өскенін айтты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу