Зүлфия Төленова қамалды
Тараз қаласының тұрғыны Зүлфия Төленованың үстінен Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалып, ол күні кеше уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы осы істі зерттеп жүрген журналист Руслан Өтепбай өзінің интаграм парақшасында айтты деп хабарлайды Оinet.kz тілішісі.

«Зүлфияның қарауында болған өзге балалардың тағдыры не болды?»,- деген сұраққа жауап берейін: қазіргі таңда оның қамқорлығында бірде-бір бала жоқ. Барлығы мемлекеттің қарауына өтті.
Қинау, ұрып-соғу деректері бойынша қозғалған бұл іс соңына дейін әділ тергеледі деп сенемін. Ағайын, ұл-қыздарыңызға өте абай болыңыздар!",- деп жазды Руслан Өтепбай.
Еске сала кетейік, желіде Зүлфия Төленова қамқорлығына алған Құндыздың аяқ-қолы және аузы байланған суреті тараған болатын. Кейінірек бұл іске полиция араласты. Белгілі болғандай Төленова қамқорлығына алған өзге де балаларды ұрып-соққан.


