Педофилдер картасында Шымкент көш бастап тұр

Oinet.kz 29-01-2026 116

Ақтас ауылында 20 педофил тұрады. Бұл туралы журналист Дина Төлепберген инстаграм парақшасында жариялады деп жазады Оinet.kz тілшісі. 

image.png

"Балаларымыз үшін ең қауіпті жер Ақтас. Бұл Талғар ауданына қарасты ауыл. Небәрі 400 адамы бар онда 20 педофил тұрады. Бұл деректі мен Қазақстан педофилдерінің картасынан алдым",- деген Дина елімізде  "2016 жылдан бастап кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс жасап сотталып шыққандардың аты-жөні мен фотосуреттері енді интернетте ашық жарияланады.  Педофилдердің тұрғылықты жері көрсетілетін картаны алғаш жасаған АҚШ",- деп айтты журналист. Тележүргізуші АҚШ-та мұндай карта 1996 жылы Меган Канканың қайғылы оқиғасынан кейін қабылданғанын айтады. 

Дина Төлепбергеннің айтуынша Қазақстандағы картада 473 есім бар.  Шымкент қалалар тізімінде көшбасшы. Одан кейін Қызылорда, Ақтөбе мен Тараз қалалары тұр. 

Зүлфия Төленова қамалды
Депутат выступил за переименование референдума в Конституции
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу