Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды
3 ақпанда Семей қаласында қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған нәрестенің мәйіті табылды деп жазады Оinet.kz.

Полиция жаңа туған қыз баланың анасының жеке басын тез арада анықтады. Ол 20 жастағы жас қыз болып шықты.
Тергеу мәліметінше, қыз үйінде босанған. Сәби туылған кезде өмір белгілері болмағанын жеткізген.
Сондай-ақ полиция мәйітті контейнерге апарып тастаған ер адамды да анықтаған.
Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сарапшылар нәрестенің тірі туғанын анықтаса, іс бойынша қатысушыларға ауыр қылмыстық баппен құқықтық баға берілуі мүмкін. Әзірге сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.



