Түркістан облысының Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Oinet.kz 11-02-2026

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың өкімімен облыстық Білім басқармасының басшысы қызметіне Ғалымжан Орынов тағайындалды.

image.png

Ғалымжан Қалдыкөзұлы 1975 жылы 16 қазанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист және заңгер. Қазақ Тұтыну кооперация институтын, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-та Syracuse University базасында мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару бағытында білімін жетілдірген. Экономика ғылымдарының магистрі, халықаралық және ұлттық кәсіби біліктіліктерге ие.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазығұрт аудандық Салық инспекциясында бастаған. Әр жылдары аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі салық және мемлекеттік кірістер органдарында түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2019–2022 жылдары Қызылорда облысы бойынша, 2022–2025 жылдары Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. 2025 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Осы уақытқа дейін Түркістан облысының Білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарып келді.

"Қасқырды байлап қойған". Видеоға байланысты полиция тексеру жүргізді
Рамзан Қадыров ұлы Адаммен бірге кешкі ас ішкен видео жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу