Рамзан Қадыров ұлы Адаммен бірге кешкі ас ішкен видео жариялады

Oinet.kz 11-02-2026

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram желісінде ұлы Адам Қадыровпен бірге кешкі ас ішіп отырған видеоны жариялады. Бұл жазба Адам Қадыровтың жол-көлік оқиғасына түсті деген ақпараттардан кейін шықты.

image.png

Бейнежазбада Қадыровтың көмекшісі Висмурад Алиев те көрінеді. Жазбаға берген түсініктемесінде Рамзан Қадыров ұлына қатысты тараған ақпараттарды «жалған хабар» деп атап, ұлының аман -есен екенін жазды.

Бұған дейін Қадыров ұлының жол апатына түскені туралы ақпаратты алғаш рет жоққа шығарған болатын. Кейбір БАҚ Адам Қадыровтың апатқа ұшырап, Мәскеуге жеткізілгенін хабарлаған. Кейінірек оның есін жиғаны және жағдайы дәрігерлердің алаңдауына себеп болмайтыны айтылды.

Адам Қадыров 18 жаста. Ол Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарады. 2025 жылдың сәуірінде Шешенстан Ішкі істер министрлігінің кураторы болып тағайындалған. Сонымен қатар Ресей Қорғаныс министрлігінің бірқатар бөлімшелерін және В.В. Путин атындағы арнайы мақсаттағы университетті қадағалайды.

Түркістан облысының Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу