Алматыдағы оңалту орталығында мамандар балаларға қорлық көрсеткен

Oinet.kz 03-03-2026

Алматыдағы оңалту орталығында тәрбиеленушіге қатысты зорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қызметкердің кішкентай баланың қолын қайырып, мойнынан қылқындырып, күштеп еңкейткені көрінеді. Видеоны жариялаған блогер қыз орталықта мұндай жағдай бірінші мәрте орын алып отырмағанын, ата-ананың рұқсатынсыз жаттықтырушылар балаларды әлеуметтік желінің тікелей эфиріне жиі шығаратынын, тағы бір қызметкердің  баланың ішінен ұрғанын айтады.  Блогер орталыққа келетін тәрбиеленуші балалардың көбісінде сөйлеу қабілетінде мүкістік болғандықтан олар қорлық көріп жатқанын жақындарына айта алмайтынын жазады. 

Оқиғаға байланысты жан-жақты әрі объективті тексеру басталды. Полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне әкімшілік заңнама мен кәсіби әдеп талаптары тұрғысынан құқықтық баға беріледі.

Қалалық полиция департаменті тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. Тергеу нәтижесінде барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл  Динара Закиева желіде тараған бейнежазбаға қатысты пікір білдірді.

Ол Instagram парақшасында  жәбір көрген  баланың анасына Психологиялық қолдау орталығында және Балалардың құқықтарын қорғау орталығында көмек ұсынылғанын хабарлады.

Ираннан келетін босқындарға Қазақстан көмектесе ме?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу