Алматыда жоғалып кеткен қыз дәретхана шұңқырынан табылды

Oinet.kz 11-03-2026

Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы Әсел Сербаева табылды. Ол қоғамдық дәретхананың ішіне құлап кеткені анықталды, деп жазады Оinet.kz

image.png

Қыз 10 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның анасы дабыл қағып, іздеу жұмыстарын бастаған. Анасының айтуынша, Әселдің денсаулығында ерекшеліктер бар болғандықтан, оның жоғалуы қатты алаңдатқан.

Кейін қыздың шынымен қиын жағдайға тап болғаны белгілі болды. Ол қоғамдық дәретхананың шұңқырына құлап кеткен.

Оны Алматы қаласы Полиция департаменті Түрксіб аудандық басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Олжас Оразалиев тауып алған. Полиция қызметкері  дәретхана шұңқырынан шыққан дыбысты байқап, тексеру барысында қызды тауып, оған көмектескен. Соның арқасында Әсел аман қалды.

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу