«Үйде бос отырғаныма ұялдым». Талғардың экс әкімі «таксовать» етіп жүр

Oinet.kz 16-03-2026

Талғар қаласының  бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметтен кеткеннен кейін немен айналысып жүргенін айтты. Ол бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында мәлімдеді. Экс әкімнің айтуынша, қазіргі таңда ол такси жүргізушісі болып жұмыс істейді.

image.png

«Қазір түнгі үш-төртке дейін такси жүргіземін. Айдап жүрген көлігім жалдамалы, себебі өзімнің көлігім жоқ. Үйде бос отырғаныма ұялдым. Балаларымды асырауым керек. Күніне 18 500 теңге жоспар тапсыруым қажет», – деді Арыстанбек Әбілқайырұлы.

Оның сөзінше, денсаулығына қатысты мәселелер әкесі қайтыс болғаннан кейін басталған. Бұл жағдай оған ауыр соққы болып тиген.

«Екі жыл бұрын әкем қайтыс болды. Содан кейін отбасының барлық жауапкершілігі маған жүктелді. Бұл үлкен стресс болды. Кейін аудандық мәслихат депутаты болдым, одан соң әкімдікке кандидат ретінде сайлауға түстім. Талғарда мәселе көп, халқы 100 мыңнан асады. Барлық сұрақ ақырында әкімдікке келіп тіреледі. Мұның бәрі жүйкеме және денсаулығыма әсер етті», – деді ол.

Бұрынғы әкім өткен жылдың желтоқсанында денсаулығына байланысты еңбек демалысына шыққанын айтты. Кардиологиялық орталықта тексеруден өткен кезде дәрігерлер жүрегінде тесік бар екенін және ішкі ағзаларында бірқатар ауру анықталғанын айтқан.

«Дәрігерлер мұның бәрі қатты күйзеліс пен жүйке жүктемесіне байланысты екенін түсіндірді. Қаңтарда емделіп шықтым, бірақ жағдайым толық жақсармады. Бұл жұмыс істеуіме кедергі болды», – деді ол.

Сонымен қатар Арыстанбек Әбілқайырұлы егер ұсыныс түссе, мемлекеттік қызметке қайта оралуға дайын екенін жеткізді.

Еске салсақ, Талғар қаласының экс-әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы  Еске салайық, Талғар қаласының әкімі болған Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты биыл 12 ақпанда отставкаға кету туралы шешім қабылдаған еді. Әкім қызметін атқарып жүргенде ол TikTok жүргізу арқылы мәселені қарап халықтың қолдауына ие болған еді.  Алайда кейін оған жұмысын дұрыс орындамағаны үшін айыппұл салынды. Бұдан соң әкім өз еркімен қызметінен кетуге шешім шығарған. 

Әскери бөлімдегі қайғылы оқиға: Жамбыл облысында қарауыл бастығы қаза тапты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу