Домбыраны ұшаққа қолжүк ретінде алып кіруге рұқсат берілмек

Oinet.kz 19-03-2026

Жақын уақытта Қазақстанда музыкалық аспаптарды әуе көлігінде тасымалдау тәртібі өзгеруі мүмкін. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, әсіресе домбыраға қатысты талаптар қайта қаралатынын айтты,  деп жазады Оinet.kz.

image.png

 Ластаевтің айтуынша енді ұшақта домбыраны қол жүгіне қосып алуға рұқсат берілмек.

- Қазір осы мәселеге қатысты нақты жұмыстар атқарылуда. Музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыраны тасымалдау ережелерін заң жүзінде нақтылау міндеті қойылған. Жақын уақытта жолаушыларды, жүк пен багажды тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізіледі. Бұл азаматтарға аспаптарды қалай алып жүру керектігін және қандай талаптар қолданылатынын айқын көрсетеді, – деді вице-министр.

Оның сөзінше, бұл мәселе бойынша нақты шешім бір айдың ішінде қабылдануы мүмкін.


Жамбыл облысында бас дәрігер ұсталды
Енді төлемді бір ай кешіктірген азаматтарға несие берілмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу