«Конкурссыз кіргіземін». Ақтөбеде ата-аналарды алдаған оқытушыға үкім шықты

Oinet.kz 27-03-2026

Ақтөбе қаласында ата-аналарды алдап, ірі көлемде ақша алған оқытушыға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Оinet.kz.

  image.png

Тергеу деректеріне сәйкес, 2024–2025 жылдары сотталушы оқу орталығында жұмыс істей отырып, ата-аналарға балаларын пәндерді тереңдетіп оқытатын мектепке конкурссыз орналастырып беремін деп уәде берген. Осы «қызметі» үшін ол белгілі бір мөлшерде ақша алып отырған.  Алайда оның уәдесі орындалмай, нәтижесінде екі азамат зардап шеккен. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 3,2 миллион теңгені құрады. 

 Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Оның алаяқтық әрекеті жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптарымен, сондай-ақ банк аударымдары мен іс материалдары арқылы дәлелденген.  

Сот жеңілдетуші мән-жай ретінде айыпталушының жасаған ісіне өкінуін, кәмелетке толмаған балаларының бар екенін және келтірілген шығынды толық өтегенін ескерді. Ауырлататын жағдайлар анықталмаған. 

 Осыған байланысты сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. 

 Сот үкімі заңды күшіне енді.

Meta мен YouTube жасөспірімге қомақты өтемақы төлеуге міндеттелді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу