Әйелін шәкіртіне сыйға тартқан имам мен журналист жазаға тартылды

Oinet.kz 30-03-2026

Алматыда өзін имам ретінде таныстырған Ахмет Құрбанәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Ол бұған дейін журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін өз шәкіртіне «сыйлағанын», содан кейін  үшіншісін, яғни  жас әйел алғанын айтқан еді. Имамның сөзінше  екінші жұбайы басқа адамға тұрмысқа шығуға өзі келісім берген. Сонымен қатар, әйеліне шәкірттердің бірін таңдауды ұсынғанын мәлімдеген.

Оқиға бойынша Алматы қалалық полициясы тексеру жүргізіп, Ахмет Құрбанәлінің ресми діни қызметкерлер қатарына жатпайтынын анықтады. Құзырлы органдар оның сөздері Қазақстан заңнамасына қайшы келетінін және қоғамға теріс әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабы бойынша ол 25 айлық есептік көрсеткіш (108 125 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

«Сұхбат барысында Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келетін (әйелін шәкіртіне беру сияқты) пікірлер айтылғаны, сондай-ақ қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін мәселелер көтерілгені анықталды. Алматы қаласының Дін істері басқармасы құзыреті аясында тиісті шаралар қабылдап, аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша діни қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды»,  деп түсіндірді полиция. 

Полицияның хабарлауынша, сұхбатты жариялаған журналист те заңға қайшы ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

«Пікір мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктелгенімен, құқықбұзушылық белгілері бар материалдарды тарату да заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Жарияланым авторы да ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық тұрақтылық пен конфессияаралық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін контентті жариялау және таратуға жол берілмейді»,  деп мәлімдеді ведомство. 

«Мойнынан тартып, сүюге тырысқан». Алматыда ер адам автбус ішінде қызға шабуыл жасаған
Әлемде МРТ қондырғылары істен шығуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу