ЛГБТ дауынан кейін депутат Жаңбыршинге сот шешімі шықты

Oinet.kz 31-03-2026

Астанада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мен азамат Виталий Шевченко арасындағы дауға қатысты сот үкімі жарияланды. Тараптар арасындағы келіспеушілік әлеуметтік желідегі пікірталастан туындаған, деп жазады Оinet.kz. 

image.png

Сот материалдарына сәйкес, Шевченко депутаттың Facebook желісінде жазған пікірін өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деп есептеп, оны жоққа шығаруды және жария түрде кешірім сұрауды талап еткен.  

Алайда сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 223–226-баптарына сүйене отырып, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Сонымен қатар, талапкерден сот сараптамасына жұмсалған 131 403 теңге өндірілді. Қаражат Сот сараптамалары орталығы жүйесіне қарасты Алматы қаласындағы институттың пайдасына өндірілмек.  

Бұл дау «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы» заң жобасын талқылау кезінде басталған. Әлеуметтік желідегі пікір алмасу барысында Шевченко депутаттың көзқарасын сынап, жеке тәжірибесімен бөліскен. 

Ал оның айтуынша, жауап ретінде депутат тарапынан кемсітуші сипаттағы сөздер айтылған.  

Шевченко бұл пікірлерді саяси пікірден гөрі жеке басына бағытталған қорлау деп бағалап, сотқа жүгінген. 

Алайда сот оның талаптарын негізсіз деп таныды.

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті
Даулы посттан кейін ақын Танагөз Толқынқызы полицияға шақырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу