Атыраудағы балабақшада балалардың үстіне шкаф құлап кеткен
Атырау қаласындағы Kemel Kids балабақшасында шкаф құлап, бала жарақат алды. Ата-аналар қауіпсіздік шараларының сақталмағанын айтып, тиісті органдарға шағымдануды сұрап отыр, деп жазады Оinet.kz.

Ата-аналардың мәліметінше, бөлмеде тұрған шамамен 1,5 метрлік ауыр шкаф кенеттен балалардың үстіне құлап кеткен. Белгілі болғандай, жиһаз қабырғаға дұрыс бекітілмеген.
Оқиға салдарынан бір бала арқа тұсынан жарақат алған. Шкаф баланың басына түспеген, сондықтан ауыр зардаптың алдын алу мүмкін болған.
Ата-аналар бұл жағдайды балабақшадағы қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуы деп бағалап отыр. Олар мекеме әкімшілігін жауапқа тартуды талап етіп, мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылдануы керектігін айтады.
«Бұл жолы бәрі сәтті аяқталды, бірақ келесіде жағдай басқаша болуы мүмкін», – дейді ата-аналар.
Қазіргі уақытта ата-аналар құзырлы органдардан тексеріс жүргізіп, оқиғаға құқықтық баға беруді сұрап отыр.


