Қазақстанда ит иелеріне салық салынуы мүмкін

Oinet.kz 08-04-2026

Қазақстанда ит иелеріне салық енгізу мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты. Мәжілісте өткен талқылау барысында депутат Магеррам Магеррамов осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Оның пікірінше, Еуропаның бірқатар елдерінде бұл тәжірибе бұрыннан қалыптасқан. Мысалы, ит иелері арнайы тіркеуден өтіп, салық органдарында есепке тұрады және жеке тіркеу нөмірін алады. Депутат мұндай шара жануар иелерінің жауапкершілігін арттырып қана қоймай, жергілікті бюджеттерді толықтыруға да ықпал етеді деп есептейді.

Заң жобасын талқылау кезінде тағы бір депутат – Наталья Дементьева – Еуропа елдерінің тәжірибесін кеңінен енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, Германия елінде жануарды тіркемегені немесе чиптемегені үшін айыппұл 10 мың еуроға дейін жетеді. Ал жануарды тастап кеткендерге 25 мың еуроға дейін айыппұл салынып, кей жағдайда қылмыстық жауапкершілік те қарастырылады.

Сондай-ақ, Нидерланд тәжірибесіне сәйкес, жануардан бас тартқаны үшін 20 мың еуроға дейін айыппұл қарастырылған, ал заң талаптарын жүйелі түрде бұзғандарға қатаң шаралар қолданылады.

Өз кезегінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков бұл ұсыныс жұмыс тобында қаралып, халықаралық тәжірибе зерттелетінін айтты. 

Ал Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов қазіргі таңда үй жануарларын тек есепке алу жүйесі бар екенін, бірақ салық енгізу мәселесі бұрын көтерілмегенін жеткізді. 

Дегенмен, ведомство бұл бастаманы талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Ақтөбе әкімдіктегіндегі өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу