Ғарышқа саяхат: Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымырандарды 7,5 мыңнан астам турист тамашалады

Oinet.kz 13-04-2026

Байқоңыр ғарыш айлағы  кешеніне туристер тарапынан қызығушылық жыл сайын артып келеді. 2024 жылы мұнда 11 мыңнан астам адам келсе, биыл жыл басынан бері 4 зымыран ұшырылып, оны 7,5 мыңнан астам турист тамашалаған, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Ғарыш туризмі Байқоңыр аумағында қарқынды дамып келеді. Қалада қазіргі уақытта шамамен 700 нөмірлік қоры бар 7 қонақ үй жұмыс істейді. Зымыран ұшыру сәттеріне арналған туристік бағдарламаларды негізінен отандық туроператорлар ұйымдастырады.

Кешен – әлемде теңдесі жоқ, туристік әлеуеті жоғары нысандардың бірі. Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында ғарыш айлағына кіру рәсімдерін жеңілдету жоспарланып отыр. Атап айтқанда, рұқсаттарды электронды форматта беру және негізгі туристік нысандарға өтінім беру мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылуда.

Сонымен қатар, зымыран ұшырылымдарын ыңғайлы бақылау үшін 400 орындық арнайы алаң іске қосылған.

Айта кетейік Байқоңыр ғарыш айлағы  Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған туризмді дамыту тұжырымдамасы аясында басым туристік бағыттардың қатарына енгізілген. Осы бағытты жүйелі дамыту үшін Қызылорда облысында 2024–2027 жылдарға арналған арнайы Жол картасы бекітіліп, инфрақұрылымды кеңейту және туристер санын арттыруға бағытталған нақты шаралар қолға алынған.

Ғалым-физик: ЭКО клиникалар пациенттердің генетикалық материалдарын ұрлауда
Үш бала қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу