Түркістанда МӘМС қаржысын алаяқтықпен жымқырғандар әшкереленді

Oinet.kz 15-04-2026

Жалған диагноздар мен «қағаз жүзіндегі» қызметтер: Түркістан облысында медицина саласындағы ірі заңбұзушылықтар әшкереленді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Түркістан облысының прокуратурасы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарды тексеру барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаржыны заңсыз алу және жұмсау деректерін анықтады.

Тексеру кезінде лицензиясыз және сапасыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету фактілері белгілі болды. Мәселен, жекеменшік клиникалардың бірінде рұқсатсыз түрлі мамандардың атынан 28 мыңнан астам жалған консультация рәсімделіп, 91 млн теңге алынған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабы аясында іс тіркеліп, тергеуді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізді. Келтірілген залал толық өтелгендіктен, іс ақталмайтын негіздермен тоқтатылды.

Сонымен қатар, 203 млн теңгеге жалған стоматологиялық қызмет көрсету фактілері анықталды. Екі клиника үш дәрігерді формалды тіркеп, 40 мың жалған қызметті жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілгендей етіп жүйеге енгізген.

Тексеру барысында бір дәрігердің бір күнде бірнеше клиникада бір уақытта ондаған пациентке қызмет көрсеткені тіркелген. Пациенттерден алынған жауаптар бұл мәліметтердің жалған екенін растады.

Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы негізінде тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Астанадағы өрт: Қақпаның алдына көлігін қойған жүргізуші жазаланды
Құтқарушылар ТЖ кезінде көлікті бұза ала ма? Депутат заңды түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу