«ELIMDI SUIEMIN» акциясы басталды

Oinet.kz 19-07-2019 704

66733660_905037663177077_4807629332778319872_n.jpg

«ELIMDI SUIEMIN» акциясы басталды

Жастар жылына арналған «Elimdi Suiemin» жалпы республикалық жастар акциясы бастауын алды.  

Аталған акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды қолдау (ойын алаңдарын жөндеу, ағылшын тілін тегін курстар ұйымдастыру немесе спорт клубтарын, заттарды жинау және т.б.). Зейнеткерлерге, жалғызбасты қарттарға (үй шаруашылығына көмек, ағаш кесу, жөндеу, бояу және т.б.) көмек көрсету. Қайырымдылық жасау (қан тапсыруды ұйымдастыру). Туған жерді жақсарту (ағаштарды отырғызу, қасиетті жерлерді тазалау және көгалдандыру жұмыстары).

Көрсетілген ережелерге сәйкес осы жоғарыда аталған шараларды ұйымдастырған жастар бейнероликтер мен фотосуреттерін әлеуметтік желідегі арнайы  хештегтерде жариялай алады. 

-Құрметті жастар «Елімді сүйемін!» атты ізгі шара жас ұрпақтың жүрегінде қасиетті Отанымыз – Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін асқақтату, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатын көздейді. Еліміздің патриоты екенімізді көрсететін мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар,-делінген осы шараны ұйымдастырушылар. 

Қазір аудан, қалаларда осы акцияға жастар, жастар ұйымдары қолдау білдіріп, қайырымдылық шараларын өткізуде.


Жастар адал жолды таңдайды
Шардарада жастардың марафон-эстафетасы бастау алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу