«Жастар жылына» арналған бәсеке

Oinet.kz 26-07-2019 591

 67078698_474163700083681_5485957195990302720_n.jpg

 


Түркістан облысы Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 25 шілдеде Ленгір қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар жылына» және спорт ардагері, білікті жаттықтырушы Қаратаев Салдарбекті еске алуға арналған тоғызқұмалақтан «Төлеби баба» атындағы XXVI – шы облыстық жекелей ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Төлеби аудандық әкімдігі хабарлады.

 Жарыстың ашылу салтанатына Төлеби аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева және Түркістан облысының аға жаттықтырушысы К.Көпбаева және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Құрбаналиев арнайы қатысып спортшыларға сәттілік тіледі. Атап өтейік осы жарысқа облыс бойынша 16 командадан 150-ге жуық спортшылар қатысты.

Сондай-ақ, Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінің «Көктөбе» демалыс лагерінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай аталған лагерде  демалушы балалар арасында ауданындық спартакиада ұйымдастырылды.  Спартакиадада кіші футбол , волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және жүзу спорт түрлерінен жасөспірімдер сайысқа түсті. Тартысты өткен жарыста үздік шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежелі дипломдармен марапатталды.



Жаскешудегі жарқын кеш
Спорт-жарқын болашақ кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу