Өмірің өз қолыңда!

Oinet.kz 01-08-2019 632

67622834_486719885231453_9067789208789188608_o.jpg


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ұрпақ тәрбиесі, білімді, жігерлі, өз-өзіне есеп бере алатын тұлғаны қалыптастыру бүгінгі күннің ең басты мәселесі саналады. «Жастар жылында» Түркістан облысында жастарды түрлі қылмыстардан, теріс ағымдардан сақтандыруға, өз кәсібін ашу, жұмыс іздеу, білім алуға бағытталған көптеген іс-шаралар өтуеде. Солардың бірі жуырда  Түркістан облысы  Созақ ауданында ұйымдастырылды. Аудандық пробация қызметі бөлімшесі және ресурстық орталығы мен пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған жастарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарына Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің Созақ ауданындағы теолог маманы Қ.Қосмаханов діни ақпараттарға алданып қалмау жолдарын түсіндірді.Аудандық прокуратура қызметі Н.Найзатаев өз құқықтарын қорғауын ,аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Е.Даулетбаев жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат және Шолаққорған "Орталык" мешіттің найб иманы және Жастар Ресурстық Орталығы КММ-нің теолог маманы Р.Мырзахметова түрлі келеңсіз жайттардың алдын алу шаралары барынша кеңінен түсіндірілді.

 

Дереккөзі: Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы».



Мақсат-тәрбиелеу
«Алтын қор» жастардың кадрлық шарасы өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу