Жастар түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Oinet.kz 01-08-2019 547

67725789_334142774206771_2627492040564277248_n.jpg

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері Мырзакент кентіндегі азық-түлік, сусындар сататын барлық дүкендерге кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі және алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салынғандығын ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сатқан жағдайдағы жауапкершілігі мен салынатын айыппұл көлемі көрсетілген арнайы үнпарақшалар ілінді. Бұл туралы Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» хабарлады.
Орталық қызметкерлерінің аталмыш шараны өткізудегі негізгі мақсаттары аудан жастарын салауатты өмір салтына тәрбиелеу, темекі, спиртті ішімдік, есірткіге тәуелділік сынды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға дағдыландыру болып табылады.

Елбасы-Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев биыл қаңтарда «жастар жылының» ашылу салтанатында сөлйген сөзінде:

-Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындарында волонтерлердің арнайы курстарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру негізгі міндет саналады.

Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор. Кез-келген адам жасы ұлғайған шағында жастар тарапынан жанашырлық пен қамқорлық күтетінін ұмытпаған жөн,-деген болатын.

 



Кездесуде жастарға психологиялық кеңестер берілді
«Жастар жылындағы» жаңалықтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу