Сенбілік әлі жалғасуда

Oinet.kz 05-08-2019 568

67810539_821692341566466_7795516584570650624_n.jpg

Облыстың аудан, қалаларында, мекемелерінде, ерекше қорғалған аумақтарда өткен сенбілік, тазалық жұмыстары шалғайдағы Шардара ауданында жалғасын тапты.

 -Шардарада тазалық мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Кешегі апта соңында мекеме қызмкеткерлері мен қала тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, өздеріне тиесілі аумақты тазартып шықты. Қала әкімдігінің берген мәліметіне сәйкес 28 мекеме қызметкерлері мен тұрғындар, барлығы 1000-ға тарта азамат көше бойларын қоқыстан тазартып, дарақтардың түбін ақтаумен айналысты. Сенбілік жұмысына 4 техника жұмылдырылып, 24 көше және 3 шақырым келетін суағаралардан жиналған 20 тоннаға жуық қоқысты қала сыртына тасымалдады. Тазалық жұмыстарына ауылдық округтер де тартылды.
Сенбілік жұмысы алдағы уақытта да жалғасын тауып, мекеме қызметкерлері, тұрғындармен қатар сауда нысандарының иелері де жұмылдырылады
,-деп хабарлады шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осындай сенбілік Мақтаарал ауданында да өтіп, оған бюджеттік  және жекеменшік мекеме қызметкерлері бір кісідей қатысты.   Аудан әкімі Бақыт Насырханұлының бастамасымен өткен аудандық сенбілікке 5 мыңнан астам адам қатысып, 410 тонна күл-қоқыс шығарылды 




Ауылда диагностикалық орталық салынып жатыр
«Жастар жылындағы» ізгі іс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу