Сенаторлар Төлеби ауданында болды

Oinet.kz 08-08-2019 518

68335552_402754660355325_8500733640295055360_o.jpg

 7 тамыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Төлеби ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат депутаттары бірінші кезекте аудандағы ірі кооперативтердің бірі «Қазығұр бақтары» АШӨК-нің 120 га алма бауының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» әулиелі жеріндегі қонақ үйдің қызметін көрді.

Түрлі саладағы кәсіпорындарды көргеннен кейін аудан әкімдігінің конференц залында Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы Н.Қойбағаров, облыстық мәслихат депутаттары Қуашбаев Саттар және Төлтебаев Мұрат Шерімұлы, аудандық мәслихат депутаттары, Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Төлепов Ғалымжан, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан Шыңғысбайұлының қатысуымен жиын өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікерімұлы Парламент отырысында қабылданған және өзгертілген заңдарды айты. Яғни, монополисттердің жұмысы бойынша, арнайы экономикалық және индустриалды аймақ туралы, денсаулық сақтау, дәрілік заттар мен медицина бұйымдарына, халықты жұмыспен қамтуға, тұрғын үй қатынастарына, қаржылық қызметке, Қазақстан Республикасының кейбір актілеріне, діни қызмет және діни бірлестіктерге қатысты өзгертілген заңдарға тоқталып, түсіндіріп өтті.

Ал, Әлімжан Сейітжанұлы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауы мен Арыс қаласында болған жағдайдан кейінгі нәтижелі жұмыстардың барысын жеткізді.

Сөз сөйлеушілерден соң пікір алмасуға, сұрақ-жауапқа беріліп, жиынға қатысушылар толғандыратын сұрақтарын қойып, Сенат депутаттары тарапынан жауаптарын алды.

 



Түлкібастық тұрғындар енді емханада кезек күтпейді
Түлкібаста омарташылық кәсіп дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу