Мақтаарал эстафетаны Жетісайға тапсырды

Oinet.kz 16-08-2019 1354

67944244_344203169867398_8847103859156320256_n.jpg

Мақтааралдықтар тамыздың алғашқы күнінде Шардара ауданынан салтанатты түрде қабылдап алған “Адал жолды таңдаймыз” жастар марафон-эстафетасын Жетісай ауданына табыстады. Бұл туралы мақтааралдық аудандық «Жастар ресурстық орталығы» хабарлады.
Мемлекеттік қызметкерлер мен жастар арасында, жергілікті тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған шараның қорытынды салтанатына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаменті Сарыағаш аймақтық ауданаралық басқармасының басшысы Жантөреев Сапарғали Ниятуллаұлы мен Мақтаарал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетовтер арнайы қатысты.
«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Бұл індетпен баршамыз бірігіп күресіп, жастарымыздың бойында жемқорлыққа деген төзбеушілікті қалыптастырғанда ғана жетістікке жетеміз. Сіз бен біздің ұрпағымыз жемқорлықсыз қоғамда өмір сүруі керек» деген Бейсенбай Төребеков тұрғындарды жастар марафон-эстафетасының жабылуымен құттықтады. «Адал жолды таңдаймыз» жастар марафон-эстафетасының туы мен альбомын Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетовке табыс етті.
Салтанатты іс-шара аясында аудандағы барлық кенттер мен ауылдық округтердің көкөніс, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, жас спортшылардың шеруі өтті.
Сонымен қатар, ауданның кешегісі мен бүгінінен сыр шертіп, тарихын ұғындыратын тарихи жәдігерлері, болашағына бағам жасайтын сан саладағы жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.

 



«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында
Түлкібасқа инвесторлар қызығушылық танытуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу