Үкімет басшысы Түркістанды аралады

Oinet.kz 19-08-2019 539

murz8303-1080.jpg

-Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты, оның өткізу қабілеті тәулігіне түрлі бағыттар бойынша 600-ге жуық автобусты құрайды. Вокзал тәулігіне 10 мың жолаушыға дейін қызмет көрсететін болады деп күтілуде. Автовокзал облыс орталығындағы көлік ағынын оңтайландыру және экологиялық ахуалды жақсарту үшін салынған,-деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

ҚР Үкіметінің басшысына әкімшілік, әлеуметтік, тарихи-мәдени нысандардың салыну барысы туралы баяндалды. Асқар Мамин оқушылар сарайына барып, облыс әкімдігі, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарының, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Тұңғыш Президент саябағының, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің, музыка мектебінің, бассейні бар оқушылар сарайының, неке сарайының, Қазақ драма театры, халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ аттракциондары бар қалалық саябақтың, музыкалық фонтан мен амфитеатрдың ғимараттарын көрді.

ҚР Премьер-Министрі сонымен қатар салынып жатқан тарихи мәдени орталықтың, «Ұлы дала Елі» орталығының, Қ.А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратының, визит орталығының, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын аралап көрді.

 



Асқар Мамин: Тұрғындар үшін барлық жағдайды жасау керек
Арыстықтарға 100 мың теңге беру басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу