Иран елі Наурызды 13 күн тойлайды

picture2_iran-objavil-o-pr_354578_p0.jpg

Иран жерінде Наурыз 13 күн бойы аталып өтіледі. Мереке жақындағаннан халық үйлерін тазалайды. Осы тазалықпен ескі жылдың барлық сәтсізідктері кетеді деген түсінік қалыптасқан. Жаңа күнде адамдар өздеріне жаңа киім-кешек алады.  Осы күндері халық қайырымдылық шараларына да ерекше мән береді. Мейілінше мейірімді, қайырымды болуғы тырысады. Қалыптасқан үрдіс бойынша Наурызда барлық отбасы мүшелері дастархан басына жиналады. Дастарханға парсы әліпбиіндегі син әріпінен басталатын жеті түрлі тағам, сонымен бірге  айна, шам, су құйылған ыдыс, қызыл балық, боялған жұмыртқа мен тиын қояды. Жаңа жыл қарсаңында әулиелердің мазарына барып тәу етуді де ирандықтар дәстүрге енгізген

Әзірбайжанда Наурыз бес күн тойланады. Алдағы наурыздың қай күндері тойланатыны желтоқсан айында белгіленіп қойылады. Наурызға дейінгі төрт сейсенбі аталып өтіледі. Бұл сейсенбілер су, от, жел және жерді білдіреді. Соңғы сейсенбіде балалар көршілерінің есігін тақылдатып, бас киімін қалдырып кететін қызықтау дәстүр бар.Үй иесі бас киімді танып,  сол үйге арнайы сый-сияпат алып барады. Тәжіктер Наурызды «Хейдир Айам», яғни Ұлы мейрам деп атайды. Бұл күні  «Бадж» деп аталатын арнайы тағам пісіріледі. Бұл тағам қошқардың бас-сирағы мен бидайдан әзірленеді. Наурызда тәжіктер арқан тартыс, қораз төбелестіру, көкпар сияқты ұлттық ойындарды өткізеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шерағаңа құрмет... Бұған түлкібастықтар түрткі болды
  • Түркістан: Заң бойынша пара бергендер де жауапқа тартылады
  • Қазақ тарихындағы ханымдар
  • Амал деген не?
  • Иран елі Наурызды 13 күн тойлайды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика