Ауылына мешіт салып берді

Oinet.kz 05-08-2019 644

Screenshot_18.jpg

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» ішкі бағдарламасы аясында түлкібастық азамат ауылдастарына Алланың жердегі үйі -  мешіт соғып берді.  Ауданның тумасы Айтбай Орынбайұлының бастамасына бірқатар тұрғындар қолдау білдіргенге ұқсайды. Осылайша жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. 

    Түлкібас кентінен орын тепкен мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы мұсылмандар діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі Мұсабек Ақтамберді, әнші, актер, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, аудандық мәслихаттаң хатшысы С.Сейсенбаев және Түлкібас кентінің биі Б.Сарыбаев және мұсылман қауым қатысты. Қатысушылар алдымен  «Батыс Европа- Батыс Қытай» автодәлізі бойында орын тепкен қоғам қайраткері Т.Рысқұлов ескерткішінің алдында ат басын бұрып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қасиетті ғимараттың ашылу салтанатында алғы сөз сөйлеп, халық игілігіне беріліп отырған қасиетті мекеннің иманжүзді азаматтар тәрбиелейтін орталық болуына тілектес екендіктерін білдірді.

Шара барысында аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев кіндік қаны тамған, туған жеріне, игілігті іс жасап жатқан Айтбай Қайрат Орынбайұлына облыс әкімдігі тарапынан жолданған алғыс хатты табыс етті.


Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда
Сегізқырлы мемқызметшілер марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу