Түлкібаста спорт кешені ашылды

Oinet.kz 07-08-2019 698

Screenshot_22.jpg

Түлкібаста спорт күні мерекесіне орай Састөбе кент орталығынан 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы су жаңа шынықтыру-сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді.

 Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынып отыр. Нақтырақ айтқанда  Түлкібас ауданының әкімдігі мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен «ТұранСпортГруп» ЖШС-нің үлесі бар.  454 миллион теңге қаражат жұмсалған кешенде бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған.

Салтанатты жиынның ашылуында алғы сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков барша жиналған қауымды спорт күні мерекесімен және кент тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтап, ауданда спорт саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, салтанатты жиынға арнайы ат басын бұрып келген дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қырықбаев Болат Наурызбайұлы, КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Сапарбаев Махамбет Баймырзаұлы кент тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.

Салтанатты жиын соңында дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы мен КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Сапарбаев Махамбет Баймырзаұлы арнайы спорт кешенінің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған бокстан облыс біріншілігінің жеңімпаздарын марапаттады.

Мамандардың мәліметінше бүгінгі таңда ауданда 4 мемлекеттік спорт мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 облыстық, 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және 1 спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды.


23 көше жөнделеді
Пациенттер кезек күтіп, сабылмайтын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу