Ақбура кесенесіне саяхат ұйымдастырылды

Oinet.kz 07-08-2019 720

Screenshot_3.jpg

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлы тұлғаларымызды ұлықтап, тарихты санамыздан өшірмеу керектімізіді ацта келе: «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дəуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин жəне Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады əрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала Əл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Əз-Тəуке мен Абылай, Кенесары мен Абай жəне басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге əкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек» деген болатын.

   Осы орайда Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекіткен іс- шара жоспарына сәйкес рабат ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аталмыш мақала аясында «Қасиеті дарыған Ақбура» атты ауыл тұрғындарымен Ақбура кесенесіне саяхат ұйымдастырылды.

    Тұрғындар әуелі Ақбура кесенесі келіп, құран бағыштады. Кейіннен шырақшы Ақбура жайлы аңыз әңгімелер мен тарихи мәліметтерді саяхатшыларға баяндап берді. Астына ақ түйе мініп алып ерекше күшке ие болған Ақбура қазақ жерінде ислам дінін таратушылардың бірі болыпты. Ол памдат намазының екі бас сүннетін Қазығұрттағы бұлақ басында оқыса, қалғанын  Йассыдағы мешітте оқитын болыпты. Түйесіне мініп, тылсым күштің арқасында әп-сәтте Түркістанға жетіп баратын оның аузына үйілген ақ көбік иығына дейін төгіліп жүретін көрінеді. Міне, осыдан кейін оған Ақбура атанып кеткен. Бұл есімді Қожа Ахмет Ясауи берген делінеді аңыздарда.  

Ұйымдастырушылар мұндай саяхаттар алдағы уақытта да жалғасатын болады дейді. 



Қыс шанаңды жаз сайла
Жәдігерге жанашырлық таныту керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу