Онлайн саяхат

Oinet.kz 10-08-2019 622

Screenshot_9.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ресми сайтындағы (http://azretsultan.kz/) МЕДИА бөлімінде онлайн режим іске қосылды.  Енді саяхаттауға мүмкіндігі болмаған жандар онлайн түрде Түркістанның, кесененің тарихымен таныса алады.

Аталған бөлімнен Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенесі мен сегіз қырлы сағана маңындағы күнделікті тыныс-тіршілікті тікелей көруге болады.

Мамандардың мәліметінше  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Android платформаларына арналған мобильдік қосымша іске қосылды.

Қосымша арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысу және 3D-тур арқылы тамашалау, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттар алу, директор блогы арқылы байланыс орнату, музейге түсетін қаржы және қонақтарға көрсетілетін қызметтер жайлы мәлімет алып, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды оқуға мүмкіндік қарастырылған.

Ағымдағы жылы қорық-музейге қарасты барлық тарихи-мәдени жерлерді де онлайн қосу жоспарланып отыр.


Құс шаруашылығын қолға алды
Солтүстікте тіршілік қызғынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу