Тұрғындармен кездесті

Oinet.kz 12-08-2019 528

Screenshot_14.jpg

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ошақты, Қошқарата, Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Келес ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша кездесуде аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, дербес бөлім басшылары, аталған округ тұрғындары қатысты. 

     Кездесуде аталған ауылдық округтерінің әкімдерінің ағымдағы жылдың алты айында атқарған жұмыстарымен танысып, алдағы жоспарларын халықпен бірге тыңдау мақсатында өткізілді. Округте өткізілген жиын барысында ауылдық округтер әкімдері округ аумағында атқарған жұмыстары жайлы баяндамасын слайд арқылы көрсетіліп, есебін берген болса, кездесуде тағы бір көтерілген мәселе ол аталған округтер аумағына жауапты учаскелік полиция уәкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары баяндалып, аудан прокуроры тарапынан тиісті тапсырмалар берілді. Жиын соңында жиналған халық көкейіндегі сұрақтарын ауыл әкімдері мен аудан әкіміне жолдап, көтерілген мәселелер жайлы тиісті жауаптар берілді.


Фархаттың етіне сұраныс жоғары
Тәжірибелілер тәжірибесімен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу