Мал баққан азбайды

Oinet.kz 14-08-2019 681

Screenshot_16.jpg

Мал шаруашылығы қазақ халқының ежелден қалыптасқан, қанына сіңген кәсібі. Сондықтан бұл іспен айналысу жұртымызға қиын емес. Тек қазіргідей жаһандық, нарықтық заманда істің көзін таба білу керек. 

Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Тасқұдық ауылының тұрғыны Зәуіртай Көлбаев бүгінде сол ата кәсіпті игеріп, бәсекеге қабілетті заманда шаруасын дөңгелетіп отыр. Ол 2009 жылы «Төлебай-Баба» шаруа қожалығын ашқан. Сол уақыттан бері ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп келеді. 

Бүгінде басқа өңірде тұрып жатқан Көлбаевтар отбасы «Туған жерге - туыңды тік» деген ұранды ұстанып, туған жерінде атқарған еңбегінің жемісін көріп отыр.  Шаруа қожалықтың иелігінде 320 гектар жайылым жері мен төрт-түлік малға арналған заманауи үлгіде салынған қора-жайлары бар. Тұрғын үйі және бордақылауға арналған қоралары мен жем-шөп дайындайтын алаңдарына электр қуаты тартылған, қосымша су ұңғымасы мен күннен қуат алатын батареясы да бар.

- Шаруашылықпен айналысу оңай шаруа емес, алға қойған бірнеше мақсатымыз бар. Мал сою бекеті мен мал тоғыту әуітін салып,  жақын маңда орналасқан шаруа қожалықтарға қызмет көрсету арқылы кәсібіміздің ауқымын кеңейтпекпіз, - дейді қожалық иесі.

Бордақылау кезінде жылқы, сиыр, уақ малдан - жалпы ет өнімімен жергілікті ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп, көпшіліктің көңілінен шығып отырған кәсіпкер өз ісін одан әрі жандандыруда.


Тәжірибелілер тәжірибесімен бөлісті
Түлектерге керек шара
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу