Қармағыма балық түс...

Oinet.kz 14-08-2019 738

Screenshot_20.jpg  

Жетісай аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жетісай аудандық аңшылар мен балықшылар қауымдастығы әуесқой балық аулаушылардың арасында сайыс өткізді.  Екі күндік сайысқа Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш, Келес аудандарымен қатар Шымкент қаласынан, көршілес Өзбекстан елінен 25 команда қатысуда.

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай және «2019 жыл – Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған сайыс салауатты өмір салтын насихаттай отырып туризмді дамыту, қоршаған ортаны қорғау, көршілес аудан, қалалардағы балықшылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Шардара су қоймасының «Күміс жағажай» демалыс аймағында өткізілді.

Әуесқой балықшылар арасындағы сайыстың ашылу салтанатына қатысқан Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Мұхтар Бейсенбаев пен Жетісай аудандық «Аңшылар мен балықшылар қауымдастығы» мүшесі Мұхит Акбаров қатысушыларды жарыстың ережелерімен таныстырып, сәттілік тіледі.

Балық аулауды жаны сүйетін азаматтар бұл күні қармақтарын балыққа толтырып, көңілдерін көтерді. 


Алпамыс ауылындағы жоспарлар таныстырылды
Қазақ тарихындағы ханымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу