Жастар марапатталды

Oinet.kz 16-08-2019 669

Screenshot_2.jpg

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Егеменді еліміздің ертеңі де осы жастар. Сондықтан болар жастарға көп көңіл бөлініпі, қолдаулар көрсетіліп келеді. Елімізде жастардың білім алуына, шығармашылықпен айналысуға, ғылыммен шұғылдануға, кәсіп ашуға, спортты серік етулеріне ешқандай кедергі жоқ. Қолдаудың арқасында бүгінде елімізді әлемге танытып жүрген жастар қаншама.  Осы ретте Қазығұртта да  талантты да, дарынды жастар жеткілікті. 

Таяуда  Қазығұрт ауданы орталық алаңында 12 тамыз халықаралық жастар күніне орай "OPEN AIR" ҚАЗЫҒҰРТ ЖАСТАРЫ атты тақырыпта жастар күні мерекесі аталып өтті. Аталмыш мерекеде өңірдің жас талантты әншілері мен бишілері, өзге де өнерпаздары аудан тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.  Жастарды арнайы мерекесімен аудандық әжелер алқасының мүшесі Қатира Бекмұратқызымен, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ырсалы Перизат Сабитханқызы құттықтап, ауданымыздағы белсенді жастарды мерекеге орай алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Игі шара мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ұйымдастырушылар жастарға дайындаған «тосынсыйымыз» әлі көп дейді. 


Қоғамдағы тәртіп басты назарда
Арыстағы құрылыс «Nur Otan» қадағалауында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу