Владимир Ким мақтааралдықтарға арнап 1 миллиард теңге аударды

Oinet.kz 19-06-2020 2438

KAZ Minerals тобы Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек ретінде 1 миллиард теңге бөлді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Screenshot_14.jpg

- Мамыр айының басындағы тасқын судың кесірінен аталған өңірде мыңнан астам үй және шаруашылық құрылыстар бүлінген. Атаулы көмек көрсету аясында қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және шығындарды өтеуге жұмсалады. Оның мөлшерін облыс әкімдігі жанындағы арнайы комиссия анықтайтын болады. Бұған дейін KAZ Minerals Birgemiz қоғамдық қорына Қазақстанда коронавирустық инфекцияның салдарын жеңілдету үшін аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 2,2 миллиард теңге аударған. Былтыр компания Түркістан облысының тұрғындарына көмектесіп, Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіруге және Ертіс жағалауындағы балалар лагерлерінде демалған Арыс қаласының балаларын Шымкенттен Павлодарға және кері бағытта жеткізген чартерлік рейстің ақысын төлеуге 200 миллион теңгеден астам қаражат аударған,-делінген компания мамандарының таратқан ресми ақпаратында. 

Айта кетері, танымал қазақстандық миллиардер Владимир Ким KAZ Minerals тобының басшысы әрі ірі акционері болып табылады. Forbes журналының тұжырымы бойынша Владимир Кимнің  байлығы 2019 жылы 4,5 миллиард долларды құрап, ол Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің көшін бастаған болатын. Ресми өмірбаяны бойынша Қазақстандағы ең бай азаматы Мақтаарал ауданының Мырзакент елді мекенінде дүниеге келген.

Шөкеев коронавируспен ауырған Елбасының дәл екі жыл бұрынғы әрекетін еске түсірді
«Бүгін түнде аспаннан вирус шашады» Министрлік осы ақпараттың мән-жайын түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу