Олимпиадада бокстан алтын алғанға 350 мың АҚШ доллары беріледі

Oinet.kz 14-07-2021 2706

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Токио Олимпиадасынан жүлдемен оралған боксшыларға қомақты сыйақы тағайындады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Абылайхан Жүсіпов.png

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов

Егер Токио Олимпиадасынан қазақстандық боксшы алтын алса, мемлекет тарапынан берілетін қаржыдан бөлек, федерация басшысының атынан тағы 100 мың долларға ие болады. Күміс медальға 70 мың, қола жүлдеге 50 мың доллар қарастырылған. Сонымен қатар боксшыларды жаттықтырған бапкерлер де сыйақысыз қалмайды. Чемпион атанған боксшының жеке бапкеріне – 25 мың доллар, күміс жүлдегердің бапкеріне – 15 мың доллар, қола жүлдегердің бапкеріне – 10 мың доллардан үлестіріледі. 

Айта кетейік, ал мемлекет тарапынан  Олимпиада чемпионына 250 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар беріледі. Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына 9 боксшы қатысады. Оның сегізі ерлер құрамасынан болса, біреуі қыздар құрамасынан.

Қырғыздың саудагері Шымкенттің тергеушілерін сатып алған ба?
Әйтеновтің командасы екі сөйлей ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу