Путин Тоқаевтың бастамасын қолдады. 2023 - орыс тілі жылы болып жарияланды

Oinet.kz 14-10-2022 1277

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Ресей президенті Владимир Путин 2020 жылдың желтоқсанында ТМД-да 2023 жылды "Ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы" деп жариялау туралы шешім қабылданғанын еске салды.

Screenshot_8.jpg

Путин өз сөзінде Тоқаевтың орыс тіліне қатысты ұсынысы туралы айта кетті. 

"Бұл бастамаға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған жаңа қызықты жобамен бір табан жақындадық.  Бұл ТМД аясында орыс тілін насихаттау жөніндегі халықаралық ұйым құру. Әрине, біз бұл бастаманы жүзеге асыруға барынша көмек көрсетеміз. Бұл Қазақстан президентінің идеясы. Бұл ұсынысты ол менімен сәл ертерек бөлісті. Ресей бұл бастаманы қолдамай тұра алмайды", - деді Владимир Путин.

Сонымен қатар Ресей президенті ТМД елдерінде 2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрес жылы деп жариялауды ұсынды.

"Біз 2023 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, сондай-ақ нацизмге қарсы күрестегі бейбітшілік пен бірлік жылы деп жариялау мүмкіндігін талқылауды ұсынып отырмыз. КСРО халықтарының адамзатты нацистік індеттен құтқарудағы ерлі нацизмге қарсы күресте тарихи шындықты қолдау үшін бірігуге шақыру болар еді", - деді Путин.

Сатыбалдының кадрлары келе жатыр. Ауыс-түйіс кеңесші мен замруктен басталады
Қаңтар оқиғасында Тоқаев күндіз-түні жұмыс істеп, содырларға соққы берді - Қошанов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу