Шымкентте Қаңтар қырғынына қатысты шу шықты (видео)

Oinet.kz 05-04-2023 515

Әр айдың бірінші сәрсенбісінде Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов қалалық әкімдіктегі басқарма басшыларымен бірге халықпен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдайды. Осы кестеге сәйкес бүгінгі қабылдау мегаполистегі Көрме орталығында өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

     

Алайда кездесуге келген бір топ ашынған ананы сол жерде тұрған полицейлер мен әкімдік қызметкерлері Мұрат Әйтеновпен кездесуге  жібермеді. Әкімнің қабылдауын талап еткендердің әңгімесінен түсінгеніміз, олар Қаңтар қырғынында қаза тапқандардың аналары, туыстары. Шу үдеген соң қала әкімі аналарды ғимараттың жоғары қабатында қабылдауға уәде етті. Қабылдауға өзгелерді, соның ішінде БАҚ өкілдерін кіргізбеді. 

Айта кетері, Қаңтар қырғыны кезінде Шымкентте полицейлер 20 адамды атып өлтіргенін бұған дейін Бас прокуратурадағы бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім еткен болатын.

Шымкент қалалық мәслихатына сайланған депутаттар
Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Динара Әлжанға қатысты эксклюзив сұхбат берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу