Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды

Oinet.kz 20-01-2026 43

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында  құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалу  керектігін айтты.

image.png

- Болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын, - деді Президент.

Депутат қарызға батқан азаматтардың шоттарын бұғаттауды тоқтатуды ұсынды
Тоқаев: Экономистерге үлкен ескертпем бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу