Каддафидің ұлын өлтіріп кетті
Ливияның бұрынғы диктаторы Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Ислам оқ жарақатынан қаза тапты. Бұл ақпаратты елдің бас прокуратурасы растады.

Хабарламада атап өтілгендей, тергеушілер кісі өлтіру орнына тексеру жүргізіп, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауда.
Сейф әл-Исламның жақындары оның Триполиден оңтүстік-батысқа қарай шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Эз-Зинтан қаласындағы үйіне төрт қарулы адам басып кіргенін хабарлады.
Сейф әл-Ислам әкесінің билігі кезінде де саяси рөл атқарған. 2011 жылы қазанда Муаммар Каддафи өлтірілген. 2021 жылы оның ұлы президенттік сайлауға қатысуды жоспарлаған, алайда сайлау өтпей қалған. Ресми қызмет атқармағанымен, Сейф әл-Ислам елдегі ең ықпалды тұлғалардың бірі саналған. Ол Ливияның сыртқы саясатының қалыптасуына ықпал етіп, маңызды дипломатиялық миссияларда делдал болған.
Каддафидің оң қолы әрі мұрагері Сейф әл-Ислам әкесінің қазасынан кейін бірнеше жыл бойы қарулы топтың бақылауында тұрған. Триполи соты оны өлім жазасына кескен, бірақ кейін сот шешімін өзгертіп, ол бостандыққа шыққан.


