Уәлихан Бишімбаев: «Балалар «прокурор, гаишник, банкир» болғысы келеді»

Oinet.kz 28-08-2009 1030

Screenshot_1.jpg

Уәлихан Бишімбаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры:

«Республика халқының 22 пайызы біздің облыста тұрады. Демек, мемлекеттік гранттың да 20 пайызға жуығын біз алуымыз керек еді. Бірақ, бізге гранттың 9-10 пайыздайы ғана тиесілі болды, яғни тең жартысы деген сөз. Басқаша айтқанда облысқа келуі тиіс 4 миллиардқа жуық қаражаттың жартысынан қағылып қалдық. Елбасы техникалық мамандықтарды көп даярлау қажеттігін айтқаны белгілі. Ал бізде ҰБТ-ның төртінші пәні ретінде түлектер тарапынан көбінше математика, физика, химия, биология пәндеріне емес, гуманитарлық пәндерге көбірек таңдау жасалады. Ауылдың 3-4 сынып оқитын бүлдіршіндерінен «өскенде кім болғың келеді?» деп сұрай қалсаңыз, «прокурор, гаишник, банкир» болғысы келетінін айтады. Сонда басқа салаларда кім істейді? Мектептерде осы мәселелерге де айрықша мән беру қажет деп ойлаймын.

"Рейтинг" газеті, 2009 ж

«Менің күнәлі періштемнің» төңірегінде дау туындады
Премьер-министрдің орынбасары еркектер қауымының қорқақ екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу