Жақсы өмір сүру үшін не істеу керек?

Oinet.kz 22-07-2020 1527

    Канаданың Куинс университетінің қызметкерлері  Nature Communications сайтына керемет ғылыми зерттеу қорытындысын жариялады. Адамның миында бір күнде орта есеппен шамамен 6200 ой пайда болады. Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, нейробиологтар осыған дейін ой мазмұнының ми белсенділігіне тәуелді екенін айтып келген. Бұл жолы ойдың мазмұны емес бір ойдан екінші ойға көшу фазасы тереңірек зерттелді. Ми ойлау жүйесін ауыстырғанын  магниттік-резонанстық томография арқылы белсенділіктің эпизодтарын көруге және есептеуге болады. Орта есеппен күніне 6200 ой дегенімізбен, бұл барлық адамда бірдей көрсеткіш емес. Біреуде көп, біреуде аз. Бірақ ой санының сапасына еш қатысы жоқ. Көп ой шешімталдық сезімінің әлсіздігінен де туындауы ғажап емес. Назарларыңызға ой сапасын арттырып, шешім қабылдау жүйесін оңалтатын әдістер топтамасын ұсынамыз!

Өшіріңіз

image.png

Ойының білген сан қырын,

Басқара білер тағдырын.

     Маңызды жұмысқа назар аудара алмайсыз ба? Ойды бір нүктеге шоғырландыра алмау сау ақылдың ісі емес. Жапсарлас уайым, тіршіліктің түйіткілдерін санаңыздан өшіріңіз. Шешім қабылдағанда батыл болыңыз. Қателесуден қорқып қажет емес. Психологтар адам уақыттың көп бөлігін қиялына қанат бітіріп өткізетінін айтады. Шамамен жұмыс уақытының 50% - ға жуығы арман аспанында қалықтауға жұмсалады.  Арманыңыз бен қиялыңызды оң өзгеріске жұмсаңыз.Гарвард университетінің психологы Пол Сели  нәтижеге қол жеткізу үшін қажетсіз ой санаға енген сәттен тоқтам жасағанның  артық екенін айтады. Тұлғалық дамуыңызға әсері бар ойлармен байланыс жасаңыз. Артығын өшіріп отырыңыз! 

Жақсы ойлаңыз

image.png

Тірлікте бітпес керек мың,

Күлімде, ойсыз терең тым. 

    Адам ойы арқылы іс нәтижесін болжап әрекет етеді. Шынында, санаңыздағы «уайым» папкасын өшірген соң, қуанышқа көңіліңіз ашық болсын. Осы сәттен рахат алыңыз. Өтіп кеткен ұрыс пен алда болуы мүмкін келеңсіздіктер жайлы болжам жасауға асықпаңыз. Өлгенге дейін шын өмір сүріңіз. 

Қандай жайтта күле аласыз? Көңіліңізді сол ресурспен қамтамасыз етіңіз. Күлкіңіз жағымды ойлауға сеп болады. Көтеріңкі көңіл-күйден нәтижелі еңбек шығады! Канберрдегі Австралия ұлттық университетінде Көшбасшылық мәселелерін зерттеушісі Дэвид Чен : «Ұжымдағы көңілді атмосфера жұмыс өнімділігін арттырады», - дейді .

Қорқынышыңызбен қауышыңыз

image.png

Керексің мәнді зор ұғу,

Қорқыныш сыйлар торығу.


    Сізді ел мақтамайтын адам болудан қорықпаңыз. Ол ой жігерді өлтіріп, жасықтыққа жетелейді. «Осыны істесем мені жек көреді» деген ойдан азат болыңыз. Адамзат асқан махаббаттан жаратылған. Сізді бір ісіңіз үшін емес, бар болғаныңыз үшін жақсы көретін адамдармен өмір сүруге талпыныңыз. 

Тазалықпен, артық заттардан азат өмір сүріңіз. Жүйелі тұрмыс кешу мен жүйелі ойлау бір сатыда. Қорқыныштан қашпай, қорқынышыңызбен қауышып ойланыңыз. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Кіндіктің киесі туралы білесіз бе?
Жұмбақ кейіпкердің аянышты тағдыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу