Намаз оқуды уақыттың соңына қалдыруға рұқсат етілген бе?

Oinet.kz 08-09-2020 736

Құран.jpg

1. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деген: «Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды» (4:103). Бұл аяттан түсінетініміз, әрбір намаз нақты бір уақытта орындалады.

2. Алла Елшісінің (ﷺ) айтуына қарағанда, намаз уақыты кіре сала оқылған намаз ең игі амалдардан болып табылады (Бұхари, Мауакит, 5; Мүслім, Иман, 139).

3. Намазды себепсіз оның уақытының соңына қалдыру тахриман-мәкрүһ болып табылады (әл-Ихтийар, 1/41; Вехби Зухайли, әл-Фикхул-Ислами, 1/522).

4. Уақытында оқылмаған намаз, қаза-намаз, яғни, қарыз болып қалады, оны өтеу қажет. Алайда қарыз ретінде қазаның орнын толтырып оқыған намаз, қасиеті әрі сауабы жағынан алып қарағанда, уақытында оқылған намазға тең келмейді.

Алайда, осы арада айта кететін бір жайт бар, ол - нақты бір себептердің салдарынан кейде Алла Елшісі (ﷺ) кейбір намаздарды кейінге қалдырып отырған. Мысалы үшін, бұлтты немесе қатты ыстық болғанда Алла Елшісі (ﷺ) бесін намазының оқылуын кешіктірген екен (әл-Ихтийар 1/39).

Намаз бен Құранның маңызы
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу