Жердегі азаншының дауысы он сегіз мың ғаламға естіледі

Oinet.kz 10-09-2020 1539

Ай планетасы.jpg

Бүгінге дейін Айда Азанның естілуі құпиясын әлі ешкім аша алған жоқ. Бұл, Жаратушының құдіреті дегеннен басқа айтар сөз де жоқ. Алайда, жер бетіндегі адамдардың 50 пайызы Нил Армстронгтың айда азан дауысын естіген деген дерекке сенетін болса, 50 пайызы мүлдем сенбейді екен.

Нил Армстронг алғаш рет 1969 жылы ай бетіне қонғаннан кейін онда белгісіз бір үнді естігенін айтқан. Бірақ, ол оның азан дауысы екенін білмеген. Ал, 1983 жылы Армстронгтың Египетке жасаған сапарында Кайр көшелерінен ол осыдан 23 жыл бұрын айда естіген дыбысты қайта естиді. Астронавт сол ғылыми конференция барысында осы дауысты тағы да әріптестерінен сұраған. Сонда, ол Азан екені айтылады.

Міне, сол кезден бастап, бұрын атейст болған Армстронг ислам дінін қабылдаған екен. Алайда, бұл нақты факт емес. Армстронгтың ешқашан мұсылман болмаған деген де деректер бар. Сондықтан, оның шын немесе өтірік екені де құпия. Бір анығы, Нил Армстронг 40 жыл бойы АҚШ барлау қызметінің бақылауында жүріп, ешқандай прессаға сұхбат бермеген екен.

Алайда, исламда жерден шақырылған азан дауысы 24 сағат толастамайды. Ол  меридиандар бағыты бойынша бір- бірін байланыстырады. Сондықтан, жердегі азаншының дауысы он сегіз мың ғаламға естіледі деген бар.

Әр нәрсенің қайыры бар. Малшы туралы тәмсіл
Мен құмар ойынға қалай кіріп кеттім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу