Құранды мұсылмандарға қайтарған қазақтар

Oinet.kz 11-11-2018 492

«Петербордағы мұсылман советінде отырдық… Орыстың өзді-өзіне алалық кірді… Большевиктер қаланы кезіп, сыпыра оқтын астына алды. Мұсылман советіне де оқ жаудырды. Қала бықпырт тигендей аласапыран болды. Жұртқа жан қайғы болды. Мұсылман советі дін мұсылман үшін өлсек арманымыз жоқ деп отырдық. Дін мұсылманның қасиетті шамшырағы Осман Қалипаның өз қолымен жазған Исламның ең әуелгі Құраны орыстың қолында, Петербордағы музейде сақтаулы болатын. Сол аласапыран уақытта басқа сап ете түскен ой — барып, сол Құранды алып шығу еді. Советтегі өзге мұсылман ағзаларына айттым. Қорқып ешқайсысы батпады. Сонан соң бұдан аяған жан не болады деп, өзім тәуекел қылып жөнелдім. Көшеде жан-жақтан зуылдаған оқтың арасымен ұшып музейге келдім. Музейде астан-кестен екен. Айт-үйтке қарамай барып, неше бөгеттерден өтіп барып Османның жүрегінің қанымен жазған қара Құранын құшақтап алып шықтым…

Сөйтіп, самсаған жаудың арасынан, жаңбырдай жауған оқтын ішінен осы қолыммен Исламның Қасиетті Құранын мұсылман советіне әкеліп бердім…» – деді.

Бұл Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романынан үзінді.

Біреу білсе, бесеу білмеуі мүмкін. Дәл осы Кітаптың 1923 жылы Ташкенге жеткізілуіне тікелей себепкер адам Әлихан Бөкейхан. Оны өзінің тамаша іскерлігі арқылы Ленинмен келіссөз жүргізіп, жүзеге асырған осы Жаһанша еді.

© Азамат Битан

Жүсіпбек Аймауытұлы: «Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды»
Міржақып Дулатұлы. Ac қадірін қайдан білсін қарны тоқ?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу