Қарабура әулие кесенесі бойына тылсым сырды бүгіп жатыр

Oinet.kz 25-08-2022 362

Screenshot_6.jpg

Бүгінгі Созақ ауданының кешегі тарихта алар орны өте зор. Сонау Бетпақдаламен шектесетін Созақ даласында талай істер орын алып, қазақ тарихында қашалып жазылды. 

Мұнда Қарабура әулие кесенесі талайды таңқалдырған. Жақында арнайы делегация Қарабура әулие кесенесінің жай-күйімен танысқан еді. 

Қарабура әулие – Қожа Ахметтің замандасы, ол Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғанда денесін жуған, кебіндеген, жерлеу рәсімін толық қолынан өткізген адам; 

«Қарабура» сөзі – «Қара Боғра» сөзінен туындайд, ал бұл ұғым Қарахан мемлекетінің билеушілернің ұрпағы; Қарабура әулиенің аты –Ақтан софы; 

Ал экспедиция құрамындағы тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Айтай – Қарабура әулиенің қазақ халқының тарихында алар орны ерекше екенін айтты. 

– Орталық Азияда ислам дінінің орнығуына елеулі ықпал еткен Қарабура әулиенің – (Қарабура хан) ұлт тарихынан алар орны ерекше. Қазақ даласында Қарахан мемлекетінің шаңырақ көтеріп, ірге бекітіп, нығаюына Қарабура белсенділікпен атсалысқан. Әсіресе, сахарада ислам дінін уағыздап орнықтыруда Қожа Ахмет Ясауи мен Қарабура тізе қосып, қажыр-қайрат, мақсат-мүдделерін ортақтастырған. Қорқыт ата, Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Баба Түкті Шашты Әзіз, Ысқақбаб-Баба Ата, Әбдіжалил баб-Хорасан Ата, Үкаша ата әулиелер қатарында халық Қарабураны да пір тұтынады. Бүгінде Созақ топырағында Қарабура әулиенің кесенесі мұсылман қауымының киелі қорымына (пантеон) айналған. Қарахан мемлекетінің ұлы көсемі атақты Қарабура хан өзінің батырлығымен де, адамгершілік қасиеттерімен де бүкіл Орталық Азияның батыр-билерінің жоғары қолдауына ие болған. Ұлы Жібек жолымен келетін жаңалықтарды, ғұлама ғалымдарды, дін таратушыларды, Ислам діні қасиетті де таза дін екенін айрықша қолдап отырған. Қарабура хан ел басқаруда өзіне де, өзгеге де, барлық билік өкілдеріне де төрт түрлі ұстамды талап қойған. Бірінші – әділет, әділеттілік; екінші – адалдық, тазалық; үшінші – білімділік, батылдық; төртінші – адамгершілік, имандылық. Қарабура хан мұсылман дінін таратушыларды қолдай отырып, мыңдаған сауатты жастарды ел арасына жіберіп мұсылман дінінің маңыздылығын түсіндірген. Діни сау­аты бар азаматтарға молда, қажы, ғалым деп құрмет көрсеткен, - дейді тарихшы.

Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесіне арнайы турлар ұйымдастырылып, насихат жұмыстары жүргізілмек
Психологиялық тест: Ұнаған суретті таңдап өз мінез-құлқыңызды таныңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу